Қазақ күресінен әлем чемпионатында қазақстандықтар бес алтын медаль жеңіп алды

© Тұрар Қазанғапов

?ытайды? ?рімші ?аласында ?ткен ?аза? к?ресінен ?лем чемпионатында ?аза?станды?тар с?тті ?нер к?рсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. ?аза?станды? балуандар бес алтын бір ?оланы иеленді. 

Қытайдың Үрімші қаласында өткен қазақ күресінен әлем чемпионатында қазақстандықтар сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық балуандар бес алтын бір қоланы иеленді. 

Үшінші рет өткен әлем чемпионатында 28 елден 205 спортшы қатысты. Қазақстандық құрама алты адаммен қатысқан. Бес салмақ дәрежесінде біздің балуандарға тең келер қарсылас болмады.

60 келіге дейінгі дәрежеде ең мықты алматылық Гұсман Қырғызбаев болды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның егізі ағасы Ғұмар Қырғызбаев бірінші орынды иеленді. 80 келіге дейінгі салмақта Дәулет Пахлединов деңіске жетті. 90 келіге дейінгі салмақта Айбол Айтбекке тең келер ешкім болмады. 90 келіден жоғарғы салмақта АЙбек Нұғымар алтын алды. Ең ауыр салмақтағы Мұхит Тұрсынов қола медальді иеленді.

Реклама
Реклама

Алда қазақстандық балуандарды тағы бір айтулы кездесулер күтіп тұр. 2 қазанда Алматыда "Еуразия барысы" ашық турнирі өтеді. Жарыста әлемнің 10 мемлекетінен балуандарп қатысады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама