Қазақ спортшысы Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевқа қарсы шықпақ

Қазақ спортшысы Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевқа қарсы шықпақ Арман Оспанов (сол жағында) және Расул Мирзаев. © Vk.com

Ережесіз жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы, Alash Pride командасының спортшысы Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен кездеседі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Alash Pride клубының өкілі Асхат Ерболатовтың айтуынша, ММА турнирі аясында өтетін жекпе-жек туралы келісімге қол қойылған. Турнирдің толық файт-карды кейін белгілі болады.

Расул Мирзаев осыған дейін Қазақстанда екі жекпе-жек өткізді. 2013 жылы ол Ержан Естановпен өткен кездесуде жеңіске жетті, 2014 жылы өткен жекпе-жекте де ол Естановтан басым түсті. Ал, қазақстандық Оспанов болса ММА турнирі аясында алты жеке-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Расул Мирзаев пен Арман Оспанов арасындағы жекпе-жек 4 қыркүйекте Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Турнир Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама