"Қазақ халқына құрметпен қараймын": Спортшы сұхбаты үшін кешірім сұрады

Жұмағұлов және Али Багаутинов. © Instagram.com

Аралас жекпе-жек бойынша ?нер к?рсетіп ж?рген спортшы Али Багаутинов ?аза?станды? Жал?ас Ж?ма??ловтан кешірім с?рады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Аралас жекпе-жек бойынша өнер көрсетіп жүрген спортшы Али Багаутинов қазақстандық Жалғас Жұмағұловтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

31 наурызда Мәскеуде өткен Fight Nights Global 62 турнирінде Жұмағұлов Алидің інісі Артур Багаутиновты нокаутпен жеңген болатын.  

Жекпе-жектен бірнеше күн бұрын Али Багаутинов журналистерге берген сұхбатында: "Мен сеніммен айта аламын, Артур ол қазақты "таптап" өтуі керек!", - деген болатын. 

Реклама
Реклама

Бүгін Али Багаутинов барлық қазақстандық алдында кешірім сұрады.

"Ассалам Алейкум, қазақ бауырлар. Жақында берген сұхбатымда інім мен Жалғас Жұмағұлов арасында өтетін жекпе-жек туралы тым қатты сөйледім. Мен Орынбор облысында 12 жасымнан бері тұрып келемін, ол Қазақстанмен шектеседі, көпшілігі - көршілер, достарым, сыныптастарым - қазақтар. Мен қазақ халқына құрметпен қараймын және намыстарыңызға тиетін ойым болмады! Жалғасқа чемпиондық жекпе-жекте жеңіс тілеймін! Жақында Қазақстанға келемін, бірге отырып бешбармақ жейміз!" - делінген Али Багаутиновтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама