"Қазақстан барысына" қатысатын қостанайлық балуандар анықталды

Ғабит Балғынбаев пен Михаил Твердохлебов Фото "Қазақстан барысы" баспасөз қызметі

Қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін "Қазақстан Барысы" турнирінің финалына қатысатын Қостанай облысының балуандары анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс орталығындағы мұз айдыны сарайында өткен іріктеу сынына 20 балуан қатысты. Олардың арасында "Қазақстан Барысы" додасының финалына тұрақты түрде қатысып жүрген тәжірибелі Мұрат Кеңтонов та бар еді. Алайда, Кеңтонов биылғы финалдан тыс қалып отыр. Аса тартысты белдесулер нәтижесінде "Қостанай Барысы" атағын Жангелді ауданының намысын қорғаған Ғабит Балғынбаев иеленді. Ғабит финалда Қостанай қаласының балуаны Михаил Твердохлебовты жеңген болатын. Енді екі балуан 29 маусым күні Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтетін финалдық сында Қостанай облысының намысын қолдан бермеуге тырысады.

Ұйымдастырушылар бірінші орын иегеріне 500 мың, екінші орын алған балуанға 300 мың теңге көлемінде сыйақы табыс етті.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама