Қазақстан Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарында екінші орын алды

©turanpress.com

Қырғызстанда Көшпенділердің бірінші бүкіләлемдік ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ойындардың ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 12 алтын, сегіз күміс, және сегіз қола медальді иеленді. Бірінші орынды Қырғызстан алды, оның жалпы медаль саны 55: 16 алтын, 20 күміс және 19 қола. Үшінші орын үш алтын және үш қоланы иеленген Түрікменстанға бұйырды.

Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындары 9-14 қыркүйек аралығында Ыстықкөлде өтті. Турнирге барлығы 22 команда қатысты, әлемнің 19 елінен 430-дан астам спортшы бақ сынады. Ойындар спорттың 10 түрі бойынша өтті: алыш, аламан бәйге, жорға жарыс, қазақша күрес, көкпар, құнан шабыс, қырғыз күресі, ордо, тоғызқұмалақ, аударыспақ. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама