Қазақстан кубогының жеребесі тартылды

Қазақстан кубогының жеребесі тартылды Сурет: ©Vesti.kz

Астанада Қазақстан футбол федерациясының ғимаратында футболдан Қазақстан Республикасы кубогының 1/8 кезең жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚФФ-ның ресми сайтына сілетем жасап.

Биыл Қазақстан кубогының бірінші айналымында бас-аяғы 22 клуб өнер көрсетіп, олар 11 жұпқа бөлінген. Ал екінші айналымға бірінші айналымда қарсыластарынан басым болған 11 команда мен өткен маусымның жартылай финалына шыққан "Шахтер", "Тараз", "Ертіс" және "Ақтөбе" командалары және былтыр ел біріншілігінде үздік көрсеткішке қол жеткізген "Астана" командасы қосылады. 

Қазақстан кубогының 1/8 кезең жеребесі:

Реклама
Реклама

"Қайрат" (Алматы) - "Гефест" (Қарағанды)

"Тобыл" (Қостанай) - "Қыран" (Шымкент)

"Тараз" (Тараз) - "Ордабасы" (Шымкент)

"Лашын" (Қаратау) - "Шахтер" (Қарағанды)

"Ертіс" (Павлодар) - "Қызыл-Жар СК" (Петропавл)

"Восток" (Өскемен) - "Атырау" (Атырау)

"Астана" (Астана) - "Астана-1964" (Астана)

Айта кетейік, 1/8 кезең ойындары 14 мамыр күні болады. Мачтар жоғарыдағы тізімде бірінші көрсетілген командалардың алаңында өтеді.  

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама