ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 ақпан 2017 10:29
Қазақстан қоржынына Азиаданың бесінші алтын медалі түсті
Әйелдер арасында фристайлдан қазақстандық спортшы Юлия Галышева Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ал ерлер арасында фристайлшы Дмитрий Рейхерд қола медаль жеңіп алды. Рейхерд бүгін, 24 ақпанда өткен жұп могул жарысында үшінші орын алды.
© Данияр Майлыбаев
Сондай-ақ, бүгін ерлер арасында із қуу жарысында қазақстандық Ян Савицкий күміс жүлде алған болатын. Ал із қуу жарысында Галина Вишневская алтын медальға ие болған.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу