Қазақстан Универсиада ойындарындағы ең жоғарғы көрсеткішінен үш есе асып түсті

© Olympteka

Алматыда ?тіп жат?ан ?ыс?ы ойындарында ?аза?стан ??рамасы Универсиада ойындарында ?зіні? е? жо?ар?ы к?рсеткішінен ?ш есе асып т?сті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыда өтіп жатқан қысқы ойындарында Қазақстан құрамасы Универсиада ойындарында өзінің ең жоғарғы көрсеткішінен үш есе асып түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстанның спорт тарихында ең үздік көрсеткіш ретінде ерекше орын алады. Қазақстан құрамасы осы күнгі ойындарда осыншама медаль алмаған. 

2015 жылы Испанияның Гранада қаласында өткен жарыста қазақстандықтар 11 медальға қол жеткізген, оның ішінде бес алтын және алты күміс медаль жеңіп алған болатын. 

Реклама
Реклама

Бұл дегеніміз, біздің құрама өзінің рекордын үш есе асырды деген сөз. Сонымен қатар, қазақстандық спортшылар Алматыда өтіп жатқан жарыстың төртінші күнінде-ақ алдыңғы рекордын жаңартып тастады. Ол кезде спортшыларымыз алты алтын, екі күміс және жеті қола медаль иеленген. 

Мақаланы жазып отырған сәтте қазақстандықтар 35 медальға қол жеткізі: 11 алтын, жеті күміс және 17 қола. Бұл көрсеткіш Қазақстан құрамасына жалпы есепте екінші орынға табан тіреуге мүмкіндік берді. Бірінші орында Ресей құрамасы, олар 70 медальға қол жеткізді (28 алтын, 27 күміс және 15 қола медаль).

Сонымен қатар, қазақстандық хоккейшілер бүгін бір медальға таласатын болады. Бірақта қандай медаль екені әзірге белгісіз. Қазақстан - Ресей құрамаларының ерлер арасындағы хоккей Астана уақытымен 15:00-де басталады. Осы матчты тікелей эфирден мына жерден көруге болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама