Қазақстан Универсиаданың 25-ші жүлдесіне қол жеткізді

Алматыда ?тіп жат?ан Универсиадада 7,5 ша?ырым ?ашы?ты??а командалы? эстафета бойынша ша??ышылар жарысы ая?талды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтыны? ?аза? б?лімі. 

Алматыда өтіп жатқан Универсиадада 7,5 шақырым қашықтыққа командалық эстафета бойынша шаңғышылар жарысы аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

Бұл жарыста Ресей құрамасы бір сағат және 12:49.3 минут көрсеткішімен жеңіске жетті. Күміс жүлде ресейліктерден 1,8 секундқа ғана артта қалған Қазақстан құрамасына бұйырды. Еліміздің намысын қорғағандар - Сергей Малышев, Виталий Пухкало, Ринат Мухин және Олжас Климин. Үшінші орында Чехия құрамасы (+2:02.5).

Бұл Универсиада-2017 ойындарында Қазақстан құрамасының 25-ші жүлдесі. Осылайша Қазақтан қоржынында он алтын, бес күміс және он қола жүлде.

Реклама
Реклама

Мұның алдында әйелдер эстафетасы өткен. Онда да Анна Шевченко, Ольга Мандрика мен Ирина Быкова құраған команда Ресей құрамасына ғана жол беріп, күміс медаль иеленген болатын. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама