Қазақстан зілтеміршілері жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды

Фото almaty2014iwf.com сайтынан

Ауыр атлетикадан бүгін ғана Алматыда аяқталған әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан зілтеміршілері жалпы командалық медальдер есебінде үшінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ауыр атлетикадан Алматыда жалауы желбіреген әлем чемпионаты бүгін тамамдалды. Сегіз күн бойы төрткүл дүние назарын қазақ еліне аударған әлем біріншілігінің жалпы командалық есебінде Қытай ауыратлеттері 10 медаль (4 алтын, 1 күміс, 5 қола) олжалап, үздік шықты. Солтүстік Корея зілтеміршілері 8 медаль (4 алтын, 1 күміс, 3 қола) жеңіп алып, көпшілікті сүйсіндірді.

Қазақстан қыз-жігіттері 5 жүлдемен (3 алтын, 2 күміс) жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды. Саф алтынды Зульфия Чиншанло (53 келі), Жасұлан Қыдырбаев (94 келі) және Илья Ильин (105 келі) сынды тума таланттарымыз өңірлерінде жарқыратса, Жазира Жаппарқұл (69 келі) мен Владимир Седов (94 келі) күміс медаль еншілеп, қазақстандықтарды қуантты. 

Реклама
Реклама

Осылай, алтынның көбін Азияның үш мемлекеті бөлісіп алды. Қалған төрт алтынның екеуін әлем чемпионатының соңғы күні Ресей спортшылары олжаласа, Иран мен Албания ерлер арасындағы сайыста бір алтыннан еншіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама