Қазақстан жүлделер саны бойынша Универсиадада Ресейді қуып жету мүмкіндігінен айырылды

Қазақстан жүлделер саны бойынша Универсиадада Ресейді қуып жету мүмкіндігінен айырылды © almaty2017.com

Ресей ??рамасы Алматыда ?тіп жат?ан 28-ші ?ыс?ы Универсиада ойындарында командалы? есепте бірінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz ?аза? б?лімі "Р-Спорт" басылымына сілтеме жасап.

Ресей құрамасы Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында командалық есепте бірінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі "Р-Спорт" басылымына сілтеме жасап.

Кеше хоккейден Ресейдің қыздар құрамасы финалдық ойында Канада қыздарынан 4:1 есебімен үстем түскен еді. Осылайша, Универсиада ойындарында Ресей құрамасының қоржынына 23-ші алтын жүлде түсті. Ал Универсиада ойындарының қалғанын күнінде 16 жүлде сарапқа салынады. Екінші орында келе жатқан Қазақстан құрамасының еншісінде болса, 10 алтын жүлде бар.

Сондықтан да математикалық есеп бойынша Қазақстан құрамасы Ресейді жүлделер саны бойынша қуып жете алмайды.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта жалпы Ресей құрамасының еншісінде 56 жүлде (23 алтын, 20 күміс, 13 қола) бар. Қазақстанда құрамасында 27 жүлде (10 алтын, 3 күміс, 11 қола) болса, Корея құрамасының спортшылары 17 (8 алтын, 4 күміс, 5 қола) жүлде жеңіп алды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама