Қазақстандық 104 спортшы алдын ала допинг тексерісінен өтті

Данияр Майлыбаев © kfb.kz

2016 жылы Рио-де-Жанейрода 26 спорт түрі бойынша өтетін жазғы олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық 104 спортшы алдын ала допинг тексерісінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосымша допинг тексерісі 20 шілдеде басталып, 1 тамызда аяқталды. Әділ нәтижелерді алу мақсатында тест сынамалары тәуелсіз және Бүкіләлемдік допингпен күрес агенттігінің (WADA) зертханасына Дрезденденге (Германияға) жіберілді. Айта кетейік, егер де тест сынамалары тыйым салынған заттардың бар екенін растаса, атлеттерге ұлттық деңгейде қатаң санкциялар қолданылады.

Сонымен қатар, Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне халықаралық олимпиада комитетінен хат келіп түсті. Құжатта ХОК-тың қазақстандық тараптың допингпен күресуге бағытталған шараларын қолдайтыны айтылған. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2016 жылы өтетін Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама