ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 қараша 2015 09:55
Қазақстандық Арман Оспанов самбодан үш дүркін әлем чемпионы атанды
Қазақстандық Арман Оспанов самбодан үш дүркін әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Чемпионат Мароккода өтті.
Оспанов алтын медальді 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алды. Финалда ол ресейлік самбошы Рашад Мурадовпен кездесті. Айта кетейік, қазақстандық тағы бірнеше самбошы жүлделі болды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Осыған дейін Арман Оспановтың ресейлік спортшы Расул Мирзаевпен кездесетіні хабарланған болатын. Жекпе-жек 17 қазанға жоспарланған еді. Кейін Мирзаев қазақстандық Alash Pride клубымен ешқандай келісімшарттың болмағанын мәлімдеді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу