Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер Азия чемпионы атанды

Альберт Линдер. © wfrk.kz

?аза?станды? ауыратлет Альберт Линдер Т?рікменстан еліні? астанасы Ашхабадта ?тіп жат?ан Азия чемпионатында же?імпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер Түрікменстан елінің астанасы Ашхабадта өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

69 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз қос жаттығу нәтижесі бойынша 335 келі (148+187) көтерді. Екінші орынды КХДР спортшысы (331 келі) иеленсе, үшінші орын қытайлық ауыратлетке (325 келі) бұйырды.

21 жастағы Альберт Линдер - Талдықорған қаласының тумасы. 2013 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған. Араға бір жыл сала ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысып, 10-орын алған болатын.

Реклама
Реклама

Ашхабадтағы Азия чемпионатын "KazSport" арнасы тікелей эфирде көрсетті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама