ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 қазан 2019 10:14
Қазақстандық балуан әлем біріншілігінің финалына шықты
Будапештте 23 жасқа дейінгі жастар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың бірінші күнінде еркін күрес шеберлері кілемге шықты. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Адлан Асқаров жарыстың финалына жолдама алды. Ол ақтық финалда Кубалық Рейнери Ортегамен белдеседі.
Айта кетерлігі, 65 келіде Рифат Сайботалов, 70 келіде Жұмай Ильяс, 79 келіде Диас Асқаров, 97 келіде Серік Баxытxанов сынды қазақ балуандары қарсыластарына есе жіберіп, әлем чемпионатында жүлдесіз қалды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу