Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Универсиаданың екінші алтын медалін жеңіп алды

?аза?станды? биатлоншы Галина Вишневская ?ыс?ы Универсиада-2017 ойындарында 12,5 ша?ырым ?ашы?ты??а масс-старт жарысынан екінші алтын медалін же?іп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz ?аза? б?лімі.

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская қысқы Универсиада-2017 ойындарында 12,5 шақырым қашықтыққа масс-старт жарысынан екінші алтын медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

Вишневская төрт нысананың біреуінен ғана мүлт кетіп, қашықтықты 36:15.4 минутта жүріп өтті. Күміс медаль украин спортшысы Яна Бондарьға (+1:02.3) бұйырса, қола медальді ресейлік Лариса Куклина (+1:13.1) жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық Елизавета Бельченко (+1:27.0) үш рет мүлт кетіп, төртінші орын алып қалды. Одан кейін тағы бір отандасыммыз Дарья Усанова (+2:10.9) келді. Ол алты рет мүлт кетті.

Реклама
Реклама

Осылайша, Вишневская Универсиаданың екінші алтын медалін алып отыр. Бұған дейін ол 7,5 шақырым қашықтықта жеңімпаз атанған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама