Қазақстандық дзюдошы Тунистегі Гран-При турнирінде алтын медаль жеңіп алды

© fdk.kz

?аза?станды? дзюдошы Тунистегі Гран-При турнирінде топ жарды, - деп хабарлайды vesti.kz.

Қазақстандық дзюдошы Тунистегі Гран-При турнирінде топ жарды, - деп хабарлайды vesti.kz.

Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Тунисте өтіп жатқан халықаралық Гран-При турнирінде жеңімпаз атанды. Отандасымыз финалда Косово елінің дзюдошысы Акил Кгожаковты иппонмен жеңді.

73 келіге дейінгі салмақта белдесетін Жансай жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды салды. Ол ширек финалда француз Акус Бенджаминді, жартылай финалда ирандық Мұхамед Мұхамедиді жеңіп шықты. Финалда косоволық спортшыдан айқын айласын асыра білді. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Тунистегі Гран-При турнирінің бірінші күнінде Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) пен Ерлан Серікжанов (66 келі) қола жүлдегер атанған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама