Қазақстандық Ермек Тлауов ММА Prime Selection турниріндегі бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

©Владимир Прокопенко

ММА Alash Pride клубының спортшысы, қазақстандық Ермек Тлауов Краснодарда өтіп жатқан Tech-KREP FC: Prime Selection турнирінің аясында турнирінің ширек финалында ресейлік Иван Якубовты жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Тлауов 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төбелесті және өз қарсыласын бірінші раундта қолын ауырта тарту арқылы жеңді. Айта кетейік, бастапқыда Тлауов ресейлік басқа спортшы Евгений Ивенскойға қарсы шығуы керек болған, алайда ол жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартуына тура келді.

Сонымен қатар, Alash Pride спортшысы Аңсаған Құсайынов та жекпе-жек өткізді. Ол 77 келіге дейінгі салмақ категориясында төбелесті. Қазақстандық екінші раундта техникалық нокаутпен ресейлік Юрий Изотовтан жеңілді. Осылайша Құсайынов чемпиондық белбеуге талас турнирінен шығып қалды. Ал Тлауов осы жеңісі арқылы жартылай финалға шығып отыр. 

Реклама
Реклама

Турнирдің келесі кезеңі 28 маусымда өтеді, сол кезде қазақстандық Руслан Серікпұлов жұдырықтасады. Ал шілде айында осы турнирге Асылан Тоқтарбаев, Евгений Егембердиев, Ержан Естанов және Артем Резников қатысады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама