Қазақстандық каратеші қыз Азия ойындарының алтынын жеңіп алды

Сали Сабиров

Қазақстандық каратеші Гузалия Гафурова XVIII жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтыншы алтын медальды салды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

68 кг салмақта бақ сынайтын Гузалия алғашқы кездесуінде Өзбекстаннан келген Ділдор Аннадурдиеваны 3:0 есебімен жеңді. Одан кейін ирандық қарсыласы Пегах Зангенехкаркутиден басым түсті.

Жартылай финалда Вьетнам елінен келген спортшы Тхи Нгуенді 8:5 есебімен жеңіп, финалға шықты. Алтын медаль үшін өткен айқаста отандасымыз қытайлық қарсыласы Танг Линглингті тізе бүктірді.

Реклама
Реклама

Гузалия Гафурова Азия ойындарында екінші рет топ жарып отыр. Отандасымыз 2014 жылы Инчхондағы жарыста да жеңіс тұғырынан көрінген еді. Ол жолы да бүгін жеңген қытай спортшысынан айласын асырған болатын.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 6 алтын 8 күміс 28 қола медальмен жалпы есепте 11-орында келеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама