Қазақстандық модель футболдан әлем чемпионына тұрмысқа шықты

© instagram.com/sharypova_nn

Англияның "Фулхэм" клубының жартылай қорғаушысы Андре Шюррле мен қазақстандық модель Анна Шарипова үйлену тойын жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Англияның "Фулхэм" клубының жартылай қорғаушысы Андре Шюррле мен қазақстандық модель Анна Шарипова үйлену тойын жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

The Sun мәліметінше, той 2018 жылдың желтоқсанында Германияның солтүстік-батысындағы Людвигсхафен деген шағын қалада өткен. Оған жұптың туыстары мен жақындары ғана шақырылған. 14 ақпанда Шарипова Instagram желісінде жүктіліктің жетінші айында екенін хабарлаған.   

Шарипова мен Шюррленің көңіл жарастырғаны 2017 жылдың наурызында белгілі болған. Жұп бұдан екі ай бұрын Берлиндегі сән апталығында танысыпты.

Реклама
Реклама

Шарипова Қазақстанда туған, бірақ Берлинде тұрып жатыр, осында ол сәулетші мамандығын оқып шыққан. Ару аспаздық шоуын жүргізеді және жеке блогы бар.

Уалихан Қосанбай

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама