Қазақстандық паралимпиадашыларға қанша сыйақы беріледі?

© inform.kz

Б?гін ?аза?стан ??рамасы Паралимпиада тарихында?ы ал?аш?ы медалін иеленді. Ал ал?аш?ы медаль - алтын болды. Б?л жетістікті 100 метрге дейін ?ашы?ты?ты еркін ?діспен ж?зуде З?лфия ?абидуллина ба?ындырды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бүгін Қазақстан құрамасы Паралимпиада тарихындағы алғашқы медалін иеленді. Ал алғашқы медаль - алтын болды. Бұл жетістікті 100 метрге дейін қашықтықты еркін әдіспен жүзуде Зүлфия Ғабидуллина бағындырды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Жанкүйерлерге Олимпиада ойындарының жүлдегерлері қанша сыйақы алатыны белгілі. Ал Паралимпиада ойындарында жүлде алған спортшы қанша сыйақы алатыны көп айтылып, жазылмаған еді.

Ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларына және жаттықтырушыларына - Паралимпиялық ойындар қатысушыларына төменде көрсетілген мөлшерге сай 2008 жылы 19 ақпанда "Паралимпиялық ойындарда көсеткен жоғары жетістіктері үшін спортшыларды және жаттықтырушыларды материалды ынталандыру бойынша кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша І орын алған спортшыға - 50 мың АҚШ доллары, ІІ орынға - 35 мың АҚШ доллары, ІІІ орын иегеріне 35 мың АҚШ доллары беріледі. Сондай-ақ, IV орын алған паралимпиадашы 14 мың, V орын - 6 мың, VI орын иегеріне 4 мың АҚШ доллары беріледі.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Риодағы Паралимпиада ойындарына Қазақстаннан 11 спортшы аттанған болатын. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен жалпыкомандалық есепте 16-орында келеді. Жарыс 17 қыркүйек күні мәресіне жетеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама