Қазақстандық спортшы Түркияда дзюдодан өткен жарыста бас жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Түркияда дзюдодан өткен жарыста бас жүлдені жеңіп алды Галбадрах Отгонцэцэг. © Дзюдо халықаралық федерациясы

Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг дзюдодан Түркияда өткен жарыста бас жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Отгонцэцэг ең жеңіл 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша бірінші орынға ие болды. Қазақстандық дзюдошы бірінші француз спортшысы Летиция Пайетті жеңді. Ал ақтық сында Отгонцэцэг жарыс иесі Диляра Локманхекимнен басым түсті.

Осылайша, спортшы қызымыз бұл салмақ дәрежесі бойынша бразилиялық Олимпиадаға басты үміткер екенін дәлелдеді. Еске сала кетейік, олимпиада Бразилияда 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама