Қазақстанның ММА құрамасына әлем кубогына қатысуға рұқсат берілмеді

Қазақстан ММА федерациясының вице-президенті Анатолий Ким ©Sputnik / Болат Шайхинов

Бахрейнде қарашада өтетін  ММА (аралас жекпе-жек) бойынша Қазақстан құрамасындағыларға әлем чемпионатына қатысуға рұқсат берілмеді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Бахрейнде қарашада өтетін  ММА (аралас жекпе-жек) бойынша Қазақстан құрамасындағыларға әлем чемпионатына қатысуға рұқсат берілмеді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Себебі, панкратион федерациясының мүшелері осы турнирге тіркелген екен. Ал Қазақстан ММА федерациясының басшыларының айтуынша, оларда мемлекеттік аккредиттеу жоқ және аралас жекпе-жектен халықаралық жарыстарда еліміздің атынан өкілдік ету құқығы жоқ.

"Бізде өзіміздің заңымыз бар, бұл спорттың құрылған сәтінен бастап дамып келе жатқан өзінің федерациясы бар. Ол ресми түрде танылған барлық халықаралық ұйымдарда сөз сөйлеп, әрдайым көшбасшы елдердің қатарында болды. Тіпті Азия континентінде біз бұрынғысынша бірінші болып қаламыз. Бұған қарамастан мұндай кемсітушілікке тап болып отырмыз", - деді ҚР ММА федерациясының вице-президенті Анатолий Ким.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, өткен жылы қазақстандық ойыншылар әлемдік рейтингте үшінші орынға иеленді. Ал өткен айларда Бахрейнде өтетін әлем кубогына дайындалған.



Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама