Қуат "Найман" Хамитов селден зардап шеккендерге миллион теңге аударды

© instagram.com/kuatkhamitov

"Найман" деген атпен белгілі аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Қуат Хамитов Алматыда болған селден зардап шеккендер үшін қорға миллион теңге аударды. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Басына қайғы түскен жерлестерімізге қолдау көрсетуге баршаңызды шақырамыз", - деп жазды Хамитов.

Vesti.kz спорт порталының мәліметінше, 27 жастағы Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанда ММА-дің ең тәжірибелі спортшысы. Ол One FC-дің элиталы дивизионында өнер көрсетеді. Ол - әлем чемпионы, Қытайда, Ұлыбритания мен Үндістанда өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 1036 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 51 бала бар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама