Қуат "Найман" Хамитовтың келесі қарсыласы белгілі болды

Ережесіз жекпе-жектен ел намысын ?ор?айтын ?уат "Найман" Хамитовты? келесі ?арсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ережесіз жекпе-жектен ел намысын қорғайтын Қуат "Найман" Хамитовтың келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Отандасымыз келесі жекпе-жегін FIGHT NIGHTS ұйымы аясында 21 сәуір күні Владивостокта өтетін "FIGHT NIGHTS GLOBAL 64" турнирі барысында октагонға шығады. Хамитовтың қарсыласы жеңіл салмақта (70,3 келі) ұйымның чемпионы Магомедсайгид Алибеков болады. Бұл жекпе-жекте қазақстандық спортшы ұйымның чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді.

Негізі бұған дейін Алибековтың қарсыласы Ахмед Алиев болуы керек еді. Бірақ ол жарақат алып қалған. Сондықтан ұйымдастырушылар жекпе-жекке Хамитовты шақырып отыр.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұл Қуат Хамитовтың FIGHT NIGHTS ұйымында өткізейін деп жатқан екінші жекпе-жегі. Бірінші жекпе-жегінде ол 2016 жылдың 16 желтоқсанында Гаджи Рамадановпен өткізіп, жеңіске жеткен еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама