Қуат Хамитов чемпиондыққа талас жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Қуат Хамитов чемпиондыққа талас жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Ережесіз жекпе-жектен ?аза?станны? намысын ?ор?ап ж?рген ?уат Хамитов ресейлік Fight Nights промоушені аясында ?ткен чемпионды? жекпе-жегінде же?іліп ?алды, - деп жазады Vesti.kz порталы.

Ережесіз жекпе-жектен Қазақстанның намысын қорғап жүрген Қуат Хамитов ресейлік Fight Nights промоушені аясында өткен чемпиондық жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп жазады Vesti.kz порталы.

Владивостокта өткен Fight Nights Global 63 турнирінің басты жекпе-жегінде отандасымыз ресейлік Магомедсайгид Алибековпен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңілді. 

Жекпе-жек жоспарланғандай барлық бес раундқа созылды. Нәтижесінде Алибеков 49-47, 47-47, 49-45 есебімен айласын асырып кетті. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұл Қуат Хамитовтың Fight Nights Global ұйымында өткізіп отырған екінші жекпе-жегі. Бұған дейін ол 2016 жылдың 16 желтоқсанында ресейлік Гаджи Рабадановтан үстем болған еді.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама