Құрамында үш қазақстандық ойыншысы бар Gambit Esports киберспорттан чемпион атанды

??рамында ?ш ?аза?станды? ойыншысы бар Gambit Esports командасы Краковта ?ткен киберспорт турнирінде же?імпаз атанды, - деп хабарлайды "Чемпионат". ?ал?ан екі ойыншы Ресейден ж?не Украинадан. 

Құрамында үш қазақстандық ойыншысы бар Gambit Esports командасы Краковта өткен киберспорт турнирінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды "Чемпионат". Қалған екі ойыншы Ресейден және Украинадан. 

Басылымның мәліметінше, Gambit Esports Counter-Strike: Global Offensive ойынынан PGL Major Krakow 2017 Immortals турнирінің финалында Immortals ұжымынан 2:1 (4:16 @ de_cobblestone; 16;11 @ de_train; 16:10 @ de_inferno) есебімен басым түсті. 

Осылайша ТМД-дан шыққан бестік чемпион титулын жеңіп алып, 500 мың доллар көлеміндегі бас жүлдені алды. Бразилиялық ұжым өз кезегінде екінші орын алып, 150 мың долларға ие болды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Gambit Esports турнирде екі картада ғана жеңілді: бірін Astralis, екіншісін турнир финалында шыққан командаға алып қойды. 

PGL Major Krakow 2017 турнирі Польшаның Краков қаласында 16-23 шілде аралығында өтті. Турнирдің жүлде қоры - 1 миллион доллар.






© sport.ru

Дәурен Қыстаубаев - AdreN
Данило Тесленко - Zeus
Михаил Столяров - Dosia
Рүстем Тілепов - mou
Абай Хасенов - HObbit

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама