ҚХЛ Дамир Рыспаевтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

Дамир Рыспаев

??рлы?ты? хоккей лигасыны? (?ХЛ) т?ртіптік-ба?ылау комитеті ?аза?станды? хоккейші Дамир Рыспаевты? ?тінішін ?ана?аттандырмады. Б?л туралы лиганы? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап Р-Спорт хабарлады.

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тәртіптік-бақылау комитеті қазақстандық хоккейші Дамир Рыспаевтың өтінішін қанағаттандырмады. Бұл туралы лиганың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Р-Спорт хабарлады.

2016 жылдың тамыз айында ҚХЛ қазақстандық хоккейшіні мерзімсіз жазалаған еді. Себебі Барыс сапында ойнап жүрген Дамир маусым алдындағы ойындардың бірінде жаға жыртысқан-ды. Нақтырақ айтсақ, Қытайдың "Кунлунь Ред Стар" командасына қарсы ойында бірнеше ойыншыны қуып жүріп сабаған еді. Тіпті Томаш Марцинко Дамирмен болған жекпе-жектен кейін ауруханадан бір-ақ шыққан болатын. Нәтижесінде ҚХЛ-дің қаһарына ұшыраған-ды.

Қыркүйек айында тәртіптік-бақылау комитеті хоккейшіге Жоғарғы хоккей лигасында "Торпедо" командасы сапында ойнауға рұқсат берді. Ал құрлықтық хоккей лигасының есігі жабық қалған еді.

Реклама
Реклама

"2 қарашада тәртіптік-бақылау комитеті ҚХЛ ойындарына қатысу туралы Рыспаевтың өтінішін қарады. Барлық материалдарды сараптай келе хоккейшінің өтінішін қанағаттандырмады", - деп хабарлаған ед3 жарыстың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Дамир Рыспаев - Өскемен хоккей мектебінің түлегі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама