Қырғыз кикбоксшысы жекпе-жек кезінде "Матрица" кейіпкерінің әрекетін қайталады

Видео кадры

?ыр?ыз кикбоксшысы 23 жаста?ы Рафаэль Физиев жекпе-жек кезінде "Матрица" кейіпкері Неоны? ?рекетін ?айталады, - деп хабарлайды L!FE.

Қырғыз кикбоксшысы 23 жастағы Рафаэль Физиев жекпе-жек кезінде "Матрица" кейіпкері Неоның әрекетін қайталады, - деп хабарлайды L!FE.

Атақты фантастикалық фильмнің кейіпкерінің әрекетін қайталап, ерекше жылдамдық көрсеткен спортшы Желі қолданушыларын тәнті етіп отыр.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек Пхитсанулок қаласында Toyota Marathon турнирінің аясында өткен. Физиев жергілікті тай боксының жұлдызы Согро Петьиндимен кездескен. Аяқпен жасалған соққыдан дер кезінде жалтарған оның әрекетін қолданушылар Киану Ривздің кейіпкеріне ұқсатты. Фильм 1999 жылы шығып, нағыз хит болған еді.  

Реклама
Реклама


Фильм кадры

Алайда ерекше шеберлік көрсеткенімен, қырғыз спортшысы бұл жекпе-жекте жеңіліп қалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама