Валентина Шевченко UFC 238 турнирінде Джессика Айды нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
АҚШ-тың Чикагоқаласындағы United Center аренасында UFC 238 турнирі өтті. Валентина Шевченко әлем чемпионы атағы бірінші рет қорғады. Ол октагонда американдық Джессика айға қарсы өнер көрсетті. Жекпе-жек екі раундқа созылды. Нәтижесінде Валентина Шевченко Джессика Айды нокаутпен жеңді.
Жекпе-жек кезінде Қырғызстан туын ұстағандар байқалды.
Спортшы Twitter желісіндегі парақшасында "Біздің президенттің қолдауы" - деп видео жариялады.
Еске салайық, Тони Фергюсон UFC 238 турнирінде жеңіске жетті.
АҚШ-тың Чикаго қаласындағы United Center аренасында UFC 238 турнирі өтті. 35 жастағы американдық Тони Фергюсон 36-жастағы отандасы Дональд Серронеге қарсы өнер көрсетті. Фергюсон техникалық нокаутпен Серронаны жеңді. Кездесу екінші раундта дәрігердің нұсқауымен тоқтатылды, себебі Серронның оң көз ісіп кетті.