Рахмонов Чимаевпен жекпе-жек өткізудің шартын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:instagram.com, @khamzat_chimaev, shavkatrakhmonov94

Қазақстандық спортшы, жартылай жеңіл салмақтағы UFC файтері Шавкат Рахмонов швед файтері Хамзат Чимаевпен болуы мүмкін жекпе-жек туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы, жартылай жеңіл салмақтағы UFC файтері Шавкат Рахмонов швед файтері Хамзат Чимаевпен болуы мүмкін жекпе-жек туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Рахмонов оны неге қазір жекпе-жекке шақырмай жүргенін түсіндірді.

"Егер біз рейтингте жақын болсақ және UFC бұл жекпе-жекті ұйымдастыратын болса, мен оған келісемін. Бірақ қазір оны жекпе-жекке шақыратын уақыт емес, өйткені ол алда титул үшін жұдырықтасуы мүмкін. Ал мен оның рейтингіне жеткенде міндетті түрде жекпе-жек өткіземіз.

Бірақ ол мені мүлде таңғалдырмайды. Оның әдістерінен ерекше ештеңе байқамадым. Чимаев - жақсы спортшы, сегізбұрышта тамаша жұмыс істейді, қарсыластарына ұқсамайды, өзін барлық жағынан сенімді ұстайды. Егер біз жекпе-жек өткізетін болсақ, бұл басқа айқас, басқа жекпе-жек болуы мүмкін", - деді Рахмоновтың сөзін Fightnews.info Sportskeeda.com сайтына сілтеме жасап.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама