Расул Мирзаев қазақстандықтардың қонақжай емес екендігіне шағымданды

Расул Мирзаев қазақстандықтардың қонақжай емес екендігіне шағымданды Расул Мирзаев пен Ержан Естанов. © vk.com

Аралас жекпе-жектен Ресейдің танымал спортшысы Расул Мирзаев Қазақстанға келгенде оған құрметтің көрсетілмегенін және қонақжайлылықтың жоқтығын айтты. Бұл туралы ол "Московский комсомолец" тілшісі Алексей Сафоновқа айтып берді. Тілші сұхбатты YouTube желісіндегі арнасында жария етті.

"Маған шөлмек лақтырып, су құйып жатқанда (көрермендер - Авт.) көңіл-күйім түсіп кетті. Бұл қалыпты жағдай емес. Біреудің отанына келіп жатқаныңда олар құрмет көрсетуі керек. Оның үстіне Зубайра Тухуговпен ерегес болды. Бұл да жақсылықтың белгісі емес. Екінші мәрте барғанымда да солай болды. Сондықтан үшінші мәрте барғым келмейді", - деді 29 жастағы спортшы.

Мирзаев қазақстандық Арман Оспановпен неліктен төбелеспегенін де түсіндірді. Оның айтуынша, оның Alash Pride клубымен келісімшарт емес, тіпті ауызша келісім де болмаған. 

Реклама
Реклама

"Мұның бәрін Alash Pride ойдан құрастырған. Олар жарнама жасап, белгілі бір мөлшерде гонорар, ақша тапты. Бұдан кейін телефон соғып, "жекпе-жекке келіңіздер" дейді. Тікесінен айтар болсам, мен болмасам оларды (Alash Pride - Авт.) тіпті де ешкім білмейтін еді. Олар кім?", - деп мәлімдеді жауынгерлік самбодан әлем чемпионы.

Ал Alash Pride өкілдері бұған қатысты мәлімдеме жасамай отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама