Расул Мирзаев UFC чемпионы Конор МакГрегорды жекпе-жекке шақырды

© instagram.com/p/BEsaBa4BBBQ

Аралас жекпе-жектен ресейлік чемпион Расул Мирзаев жартылай же?іл салма?та?ы UFC чемпионы ирланды? Конор МакГрегорды жекпе-жекке ша?ырды. Б?л туралы Мирзаев Instagram желісіндегі аккаунтында жазды.

Аралас жекпе-жектен ресейлік чемпион Расул Мирзаев жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ирландық Конор МакГрегорды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Мирзаев Instagram желісіндегі аккаунтында жазды.

"Конор, жағдайлар бізді қарсы қойды! FIGHT NIGHTS GLOBAL маған 17 маусымда өтетін турнирге қарсылас іздеп жатыр. Жекпе-жекке шығайық! Мен сияқты қарсыласың болмаған, оны сеніммен айта аламын", - деп жазды Мирзаев.

Айта кетейік, 20 сәуірде Макгрегор Twitter-дегі парақшасында мансап жолын аяқтау туралы шешім қабылдағанын айтқан болатын. Оның 9 шілдеде өтетін UFC 200 турниріндегі Нейт Диаспен реванш жекпе-жегі жүзеге аспайтын болды. Келесі күні 27 жастағы ирландық спорттан кетпейтінін мәлімдеді, ал 25 сәуірде Диаспен қайта шығатынын мәлімдеді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама