20 ақпан 2020 09:37

Рекорд орнатқан қазақстандық ауыратлет Азия чемпионатының үздік спортшысы атанды

Фото: wfrk.kz

16 жастағы қазақстандық ауыратлет Рахат Бекболат жастар арасында Ташкентте өткен Азия чемпионатының үздік спортшысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 жастағы қазақстандық ауыратлет Рахат Бекболат жастар арасында Ташкентте өткен Азия чемпионатының үздік спортшысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Қызылордалық ауыр атлетика мектебінің түлегі 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы болып, серпе көтеруде жасөспірімдер арасында әлем рекордын орнатқан еді. 102 келіге дейінгі салмақта Бекболат екі жаттығу нәтижесі бойынша 356 (158+198) келіні бағындырды. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ол жерлесі Илья Ильиннің нәтижесінен озып кетті. Әлемнің төрт дүркін чемпионы Ташкенттегі сайыста топ жарған еді. 102 келіге дейінгі салмақта ол қос жаттығу нәтижесі бойынша 355 (160+195) келі көтерген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Федерация Тяжелой Атлетики (@wf_rk) 19 Фев 2020 в 8:21 PST

Рахат Бекболаттың сайысқа түсуімен қазақстандық команда үшін ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты тәмамдалды. Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды, оның тоғызы - алтын жүлде. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram