Ресейлік турнирде дау шықты: Жеңілген қырғыз спортшы рингтен кетпей қойды

22 с?уірде ?азанда ?ткен "Бои по правилам TNA на кубок TATNEFT" чемпионатында дау шы?ты. Бішкек спортшысы Дастан Шаршеев 1/8 финалда ресейлік Антон Калининнен же?ілген. Алайда ол т?решілерді? шешіміне ?арсы шы?ып, рингтен кетпей ?ойды. К?зетшілер де спортшыны райынан ?айтара алмай ?ойды. 

22 сәуірде Қазанда өткен "Бои по правилам TNA на кубок TATNEFT" чемпионатында дау шықты. Бішкек спортшысы Дастан Шаршеев 1/8 финалда ресейлік Антон Калининнен жеңілген. Алайда ол төрешілердің шешіміне қарсы шығып, рингтен кетпей қойды. Күзетшілер де спортшыны райынан қайтара алмай қойды. 

Төрешілердің бірі Дастанды рингтен шығарғысы келген. "Қазір сені елден шығарып жібереді немесе қамап тастайды... Мәнісі не?", - деп ескертті төреші. 

Осыдан кейін қырғыз спортшы микрофонды жүргізушіден алып, төрешілер шығарған шешіммен үзілді-кесілді келіспейтінін мәлімдеді. "Қайырлы кеш, құрметті Татарстан! Татарстанға осымен екінші мәрте келіп отырмын. Осында келгеніме қуаныштымын, адамдар өте қайырымды. Барлығыңыз көрдіңіздер, мен жеңдім. TNA - бұл әлемдік турнир, мұнда әділ төрешілер болады, бас төреші әділ. Ал бүгін әділ болды ма?", - деп сұрады спортшы. 

Реклама
Реклама

Көрермендер "Жоқ!" деп айғайлады. 

"Өздеріңіз сұраққа жауап беріңіздерші: осы әлемде әділдік бар ма? Қайда? Менің нәсілімнің бұған қатысы бар ма? Жанкүйер болғандарыңыз үшін барлығыңызға алғыс айтамын. Алға, Қырғызстан!", - деді ол. 

Осыдан кейін ғана Дастан микрофонды қайтарып, рингтен шығып кетті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама