Ресей Кубогы жарысы кезінде биатлоншы қыз қайтыс болды

Ресей Кубогы жарысы кезінде биатлоншы қыз қайтыс болды Алина Якимкина

Түменде Ресей Кубогы кезеңінің жарысында Удмуртия биатлоншысы Алина Якимкина қайтыс болды, - деп хабарлайды Lenta.ru Ресейдің Биатлоншылар одағына сілтеме жасап.

Жарыс кезінде спортшының жүрегі тоқтап қалған. Трассада қызмет көрсеткен дәрігерлер 21 жастағы биатлоншыны құтқарып қала алмады. Прокуратура Якимкинаның өлімі бойынша тексеруді бастады. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды. 

Айта кетейік, 2014 жылдың наурыз айында Якимкина Красноярскіде жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінің эстафета жарысында жүлдегер атанған. 2014-2015 жылдардағы маусымда ол жазғы биатлон бойынша жарыстарға және Ресей Кубогы кезеңдеріне Удмурт Республикасы атынан қатысты. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама