08 қаңтар 2020 | 12:41

Ресми: Полторанин допинг дауынан соң төрт жылға жазаланды

2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин допингке қарсы ережені бұзғаны үшін төрт жылға спорттан шеттілді, - деп хабарлайды Халықаралық шаңғы спорты федерациясының сайты

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин допингке қарсы ережені бұзғаны үшін төрт жылға спорттан шеттілді, - деп хабарлайды Халықаралық шаңғы спорты федерациясының сайты

Полтораниннен бөлек, эстониялық шаңғышылар Андреас Веэрпалу мен Карел Таммъярв, сондай-ақ көмекші қызметкер эстониялық Мати Алавер де төрт жылға жазаланды. 

Реклама
Реклама

Спорттан шеттету туралы ресми шешім 2020 жылы 2 қаңтарда қабылданған. Шаңғышылар FIS допингке қарсы ережесінің "Тыйым салынған затты немесе тәсілді (қан допингі) пайдалану" және "Қатысу" баптары бойынша жазаланды.

21 күннің ішінде спортшылар Спорттық арбитраж сотына апелляция бере алады. 

Еске салайық, былтыр ақпанда Германия мен Австрияның тергеу органдары австриялық Зеефельдте шаңғы спортынан әлем чемпионаты кезінде допингке қарсы рейд жүргізіп, бірнеше спортшыны ұстаған. Олардың қатарында Полторанин де болған. Австриялық БАҚ-тың мәліметінше, ұсталған шаңғышылар қан допингін қолданғандарын мойындаған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная