ПОДЕЛИТЬСЯ
11 мамыр 2020 | 17:37
"Ресми түрде карьерамды аяқтаған жоқпын". Ильин басшылық қызметке тағайындалғанын растады
Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" кешенінің директоры қызметіне тағайындалғанын растап, алдағы жоспары туралы баяндады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" кешенінің директоры қызметіне тағайындалғанын растап, алдағы жоспары туралы баяндады.
"Иә, бұл рас ақпарат. Бүгін бірінші жұмыс күнім. Қазіргі таңда еңбек күнімнің кестесі еркін, бұл жұмыс барысын толық түсініп, игеріп алуым үшін. Қалай дегенмен бұл - өмірімдегі жаңа тараудың бірінші кезеңі.
Карьерамды ресми түрде әлі аяқтаған жоқпын. Жақын арада Федерация президенті, мәдениет және спорт министрімен тілдесемін. Ары қарайғы бағытымды белгілеймін. Бәрін міндетті түрде хабарлаймын. Дегенмен карьерамды аяқтайтыныма 90 пайыз басымдық беруге болады. Жаңа қызметіммен жаттығуларды бірге алып жүре алмаспын", - дейді Ильин.
Айта кетейік, 31 жастағы ауыратлет - 2005, 2006, 2011 және 2014 жылдағы әлем чемпионаттарының жеңімпазы. 2016 жылы ол допингке қайта тест тапсырғаннан кейін 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында жеңген алтын медальдарынан айырылып, екі жылға жарыстардан шеттетілген болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также