Рио-де-Жанейро Паралимпиада ойындарында Зүлфия Ғабидуллина алтын медаль жеңіп алды

© paralympic.kz

Рио-де-Жанейрода?ы Паралимпиада ойындарында ж?зуден З?лфия ?абидуллина алтын медаль же?іп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?аза?станны? Паралимпиада ?лтты? комитетіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарында жүзуден Зүлфия Ғабидуллина алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Паралимпиада ұлттық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Зүлфия Ғабидуллина 100 метр қашықтыққа еркін стильде жүзуден әлем рекордын жаңартты. Ол әлемнің алты дүркін чемпионы және Азиа Пара ойындарының чемпионы, әлемнің қола жүлдегері. Спортшы әлем рейтингінде үздік сегіздікке кіреді. 

8 қыркүйекте Маракана стадионында Рио-2016 Паралимпиада жазғы ойындарының ашылу салтанаты бол болып өткен еді. Қазақстан құрамасынан көк байрағымызды астаналық жүзуші, халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР абсолют чемпионы және Лондондағы 2012 жылғы Паралимпиада ойындарының қатысушысы Әнуар Ахметов ұстап шыққан болатын. 

Реклама
Реклама

Жарыстар 17 қыркүйекте аяқталады. Рио-2016 Паралимпиада жазғы ойындарының жабылу салтанаты 18 қыркүйекте өтеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама