Рио-де-Жанейродағы антидопинг зертханасы жалған оң нәтижелер берген

© ria.ru

Рио-де-Жанейродағы антидопинг зертханасы жалған оң нәтижелер берген, оның жұмысы кем дегенде алты айға уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды "Р-Спорт"

Дисквалификация күшіне 22 маусымда енді, зертханаға тиісті хабарландыру келіп түскен. Алайда зертхананың Спорт арбитраж сотына (CAS) 21 күн ішінде жүгіне алатыны айтылады.

Ал осыған дейін алынған қан мен зәр үлгілері Бразилиядан Швейцарияға жолданады. Дәл осылайша 20014 жылы футболдан Бразилияда өткен әлем чемпионатында да жіберіліпті. 

Реклама
Реклама

"Біз WADA-ның Рио-де-Жанейродағы зертхананың жұмысын тоқтату туралы өтінішін алдық. Бұл Олимпиада-2016 тестілеу бағдарламасын әсерін тигізбейді. ХОК Олимпиада ойындарында қай акредиттелген зертхананың жұмыс істейтінін шешеді, антидопинг зертханаларының аккредитациясына жауапты орган саналатын WADA-ның бағалауынан кейін шешіледі", - деп хабарлады ХОК баспасөз қызметінің өкілдері. 

Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама