Рио Олимпиадасы: Екі дзюдошымыз алғашқы қадамдарын жеңіспен бастады

Рио Олимпиадасы: Екі дзюдошымыз алғашқы қадамдарын жеңіспен бастады Елдос Сметов. ©judoinside.com

Екі дзюдошымыз Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг Рио Олимпиадасындағы алғашқы қадамдарын жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

60 келіге дейінгі категорияда белдескен Елдос Сметов Ливия өкілі Мұхамед Элькависадан басым түсті. Қазақстандық иппонмен жеңіске жетті. Енді Сметов 1/8 финалында Эшли Маккензимен немесе Бекир Озлумен күреседі.

Реклама
Реклама

Ал әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Галбадрах Отгонцэцэг Гвинеи-Бисау елінің өкілі Тациана Лимодан басым түсті. Осылайша қазақстандық енді жартылай финалға шығу үшін жапон дзюдошысымен белдеседі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама