Рио Олимпиадасында Галбадрах Отгонцэгцэг қола медаль жеңіп алды

Галбадрах Отгонцэгцэг © judoinside.com

Рио Олимпиадасында қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэгцэг қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қола медаль үшін таласта ол кубалық дзюдошымен белдесті. Сөйтіп, отандасымыз кубалық Дайарис Местре Альваресті иппон әдісімен жығып, жеңіске жетті.

Бұл салмақ дәрежесінде 30 жастағы аргентиналық Паола Парета алтын медаль жеңіп алды. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазақстандық дзюдошы жартылай финалға шығу үшін жапон дзюдошысымен белдескен еді. Алайда ол соңғы секундтарда қарсыласына есе жіберіп қойған болатын.

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Галбадрах Отгонцэцэг осыған дейінгі кездесуінде Гвинея-Бисау елінің өкілі Тациана Лимодан басым түскен еді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама