ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қаңтар 2019 | 12:25
Ронда Роузи рестлингтен кетіп, ММА-ға оралуы мүмкін
UFC даңқ залының мүшесі Ронда Роузи алдағы бірнеше айда рестлингтен кетуі мүмкін, - деп хабарлайды BJ Penn басылымы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
UFC даңқ залының мүшесі Ронда Роузи алдағы бірнеше айда рестлингтен кетуі мүмкін, - деп хабарлайды BJ Penn басылымы.
Әйелдер арасында WWE чемпионы атанғанына қарамастан, Роузи 7 сәуірде өтетін Wrestlemania 35 турнирінен кейін, ұйымнан кетуі мүмкін.
Wrestelmania 35 ұйымынан кейін ол ММА-ға қайтып оралуы да мүмкін, болмаса спорттық мансабын аяқтайды. Басылым мәліметінше, Ронданың ММА-ға қайтып келуі екіталай. Бәлкім ол үзіліс алып, WWE ұйымымен жаңа келісімшарт жасасуы да ғажап емес.
31 жастағы Роузи аралас жекпе-жекке ауысқанға дейін дзюдомен айналысқан. Бейжің-2008 Олимпиадасында ол 70 келіге дейінгі салмақта қола медальді жеңіп алған еді.
Показать комментарии
Читайте также