Рустам Ибраев Универсиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

?аза?станды? дзюдошы Рустам Ибраев жаз?ы Универсиада ойындарында ?ола ж?лдегер атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Қазақстандық дзюдошы Рустам Ибраев жазғы Универсиада ойындарында қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

60 келі салмақта сынға түскен отандасымыз бірінші айналымда Нидерланды палуаны Рой Коффяберген, екінші айланымда макаолық Лио Чон Хоудан, ширек финалда бельгиялық Флавио Димаркадан айласын асырған. Өкінішке қарай, жартылай финалда біздің дзюдошы Тайко Фуджикадан жеңіліп қалды. Сөйтіп, қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды.

Бұл белдесуде Ибраев моңғол Мьягмардорж Батгерелмен кездесіп, үстем түсті.

Реклама
Реклама

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржыны Универсиада ойындарының 8 жүлдесімен толықты. Қазір біздің еншімізде 2 алтын, 1 күміс және 8 қола жүлде бар. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама