Рыпакова Лондондағы чемпионатта ел қоржынына бірінші медальді салды

?ш ?ар?ып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова же?іл атлетикадан Лондонда ?тіп жат?ан ?лем чемпионатында т???ыш медальді ел ?оржынына салды, - деп хабарлайды Р-Спорт.

Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында тұңғыш медальді ел қоржынына салды, - деп хабарлайды Р-Спорт.

Қазақстандық жеңілатлет үш қарғып секіруде 14,77 метрге жетіп, қола медаль иеленді. Бірінші орынды Венесуэла спортшысы Юлимар Рохас (14,91 метр) алса, күміс медаль колумбиялық Катрин Ибаргуэнге (14,89) бұйырды.

Айта кетейік, осыған дейін Рыпакованың бір ғана мүмкіндікпен әлем чемпионатының финалына шыққаны хабарланған еді. Ол іріктеу кезеңінде 14,57 метр көрсеткішке жетіп, үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Реклама
Реклама

Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионаты 13 тамызда аяқталады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама