ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 желтоқсан 2020 08:59
Сабина Алтынбекова тойындағы тортты көрсетті
Қазақстандық танымал волейболшы, жақында тұрмыс құрған Сабина Алтынбекова тойындағы тортты көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Кондитерлік өнімде күйеу жігіт пен қалыңдықтың мүсіні салынып, жас жұбайлар есімінің атын білдіретін екі рет S әрпі жазылып безендірілген.
"Тортты балалар жеп қойды", - деп жазды спортшы Instagram-дағы жазбасының сипаттамасында.
Айта кетейік, волейболшы мен күйеуі үйлену тойын балалар үйінің тәрбиеленушілеріне азық-түлік жеткізіп атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу