ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 мамыр 2015 10:38
Сан-Паулуда ота жасатқан Пеле ауруханада жатыр
"Футболдың королі" бразилиялық Пелеге Сан-Паулуда ота жасалды, - деп хабарлайды Vesti.kz "Р-Спорт" агенттігіне сілтеме жасап. Әйгілі футболшының қуықалды безіне гиперплазия жасалған.
Басылымның мәліметінше, операция Сан-Паулудағы Альберт Эйнштейннің ауруханасында жасалды. 74 жастағы Пеленің зәр шығару жолындағы жұқпалы ауруының қатері ұлғая бергендіктен, бұл отаны жасамасқа болмапты. Пеле әзірше ауруханада жатыр, қай күні шығатыны белгісіз.
Айта кетейік, әйгілі футболшы Пеле өткен жылы гемодиализ курсынан өтті, бірақ дәрігерлер ақырында ол курсты тоқтатып тастады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу