Шаңғышы Сергей Малышев Қазақстан құрамасына Универсиаданың 35-жүлдесін салды

© almaty2017.com

?аза?станды? ша??ышы Сергей Малышев Алматыда ?тіп жат?ан 28-ші ?ыс?ы Универсиада ойындарында 30 ша?ырым?а масс-старт б?секесінде ба?ын сынап, ?ола ж?лде же?іп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық шаңғышы Сергей Малышев Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында 30 шақырымға масс-старт бәсекесінде бағын сынап, қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шаңғы спортынан өткен соңғы сайыста отандасымыз мәрені бірінші болып кескен ресейлік Дмитрий Ростовцевтен +0.5 уақыт қалып, қола жүлдені місе тұтты. Бұл жарыста күміс медальді екінші бір ресейлік спортшы Валерий Гантарь алды.

30 шақырымдық сайысқа қатысқан екінші бір отандасымыз Виталий Пухкало көшбасшыдан 21,1 секунд қалып, төртінші орынға тұрақтады.

Реклама
Реклама

Бұл Қазақстан үшін Универсиада ойындарында алып отырған 35 жүлдесі. Жалпы біздің құраманың қоржынында қазір 11 алтын, 7 күміс және 17 қола жүлде бар.

Ал Малышевтің бұл екінші жүлдесі. Бұған дейін ол 7,5 шақырымға командалық жарыста күміс жүлде жеңіп алған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама