Шахматшы Сәдуақасова екі бірдей кубокты жеңіп алды

Динара Сәдуақасова. ©sports.kz

Халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Испанияда өткен XXXIV Open Internacional Villa de Benasque турнирінде екі бірдей кубокты жеңіп алды, - деп хабарлайды шахмат клубы Tengrinews.kz тілшісі шахмат клубы таратқан мәліметке сәлтеме жасап. 

Сәдуақасова әйелдер арасындағы жарыста, сондай-ақ жасөспірімдер сайысында сынға түсіп, бірінші орынға ие болды. Ол белгілі гроссмейстер Властимила Янсты жеңіп, халықаралық гроссмейстер Гита Гопалмен және халықаралық шебер Эстебан Форсендпен тең ойнады. Сөйтіп, перфоманста 2483 ұпай жинап шықты. Турнирге 38 елдің шахматшылары, олардың ішінде 37 халықаралық гроссмейстер және 33 халықаралық шебер қатысты.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова - Х.С.Омаров атындағы елордалық шахмат клубының шәкірті.  

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама