"Сайыстардағы рекордым". Игорь Сон Олимпиададағы жүлдесі туралы пікірін айтты

"Сайыстардағы рекордым". Игорь Сон Олимпиададағы жүлдесі туралы пікірін айтты Игорь Сон. Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық ауыратлет Игорь Сон Токио Олимпиадасындағы нәтижесі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық ауыратлет Игорь Сон Токио Олимпиадасындағы нәтижесі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

61 келіге дейінгі салмақта ол қола медаль иеленген болатын. Марапаттау рәсімінен кейін ол сайыстар алдында осынша келі көтермегенін айтты. 

"Қола" болады, таласуға болады деп ойлаған жоқпын. Мүмкіндік туды, көтеру керек болды. Серпе көтерудегі мүмкіндіктер өте маңызды болды. Толқынысымды сөзбен жеткізе алмаймын. Токиоға ұшпас бұрын үйде осынша салмақ көтермедім. Бұл - менің сайыстардағы рекордым", - деді спортшы.

Реклама
Реклама

"Болашақта қытайлық қарсыласыңмен бәсекелесуге бола ма?" деген сұраққа Сон "Бұл салмаққа енді көтерілдім. Қазір үйреніп жатырмын, бәсекелесуге болады" деп жауап берді. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов қола жүлде иеленген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама